Блоги

«Алдымызда үлкен мақсаттар тұр»

«Алдымызда үлкен мақсаттар тұр»

     0

Бүгін Өскеменде волейболдан Азия чемпионаты алдындағы жаттықтырушылар мен құрама капитандарының қатысуымен алғашқы ресми баспасөз конференциясы өтті.
Ең алдымен жарыс қожайындары, клуб капитаны Сана Анарқұлова бастаған қазақстандық жарыс иелері қонақжайлық көрсетіп, келген өзге сегіз шет елдік ұжымға жылы лебізін білдірді.
Әр құраманың жаттықтырушылары дода алдында өткізген жаттығуларын бағамдай келе, спорт нысанының жабдықталуына оң бағасын берді. Сонымен қатар жиын барысында орын алатын бәсекелестік жайлы да бірқатар сөз қозғалды. Бұл ретте жапониялық «НЕК РедРокетс» пен тайландтық «Суприм» ұжымдары да тілге тиек етілді. Соңғы екі Азия чемпиотнатын қос елдің ала допшылары жеңіп алған болатын. Сондықтан екінші сайыс күнінде аса тартысты ойынның куәсі болуымыз ықтимал.
– Алғашқы ойынымыз қытайлық командамен өтпек, алдымен осы кездесуді өткізіп алайық, – деп «Суприм» ұжымының бапкері Натапон Срисамутнак толыққанды жауап бермеді.
Әсіресе, негізгі сұрақтар жергілікті «Алтай» командасының жаттықтырушысы Юрий Панченкога бағытталды.
– Алдымызда бірқатар биік мақсаттар тұр. Өздеріңізге белгілі, Өскемен алдағы уақытта әйелдер клубтары арасындағы Әлем чемпилнатын өткізуге ниет білдіріп отыр. Бұған қол жеткізуіміз үшін команда үздік ойын көрсетіп, барын салуы керек. Көпшілік айтқандай, негізгі тартыс Жапония және Тайланд елдерінің ұжымдары арасында өрдиді десе, біз сол екі ортадан орын алуға жан таласуымыз керек, – деді клуб жаттықтырушысы.
Баспасөз конференциясы соңында «Алтай» клубының капитаны Сана Анарқұлова чемпионат жайлы пікірімен бөлісті.
– Биыл біздің құрам айтарлықтай күшейді. Онымен қоса мұның алдында Түркия жерінде жақсы жаттығып қайттық. Наталья Акилова, Татьяна Фендрикова сынды тәжірибелі ойыншылар келді. Демек, ойын үйлестірушісі мен қорғаныс жағы бірқалыпты. Шабуылшылар да айтарлықтай бабында. Осындай мықты құраманың жасақталуына барынша қолдау танытып отырған облыс басшылығына алғыс білдіреміз, – деді ол.
Айта кетейік, шілденің 11 күні Б.Александров атындағы спорт сарайында әйелдер клубтары арасындағы Азия чемпионатының алғашқы кездесулері өтпек. Онда өз елінің үздіктері бақ сынайды: «Алтай» (Қазақстан), «Суприм» (Тайланд), «НЕК Ред Рокетс» (Жапония), «Цзянсу Чжунтянь Стил» (Қытай), «СMFC» (Қытайлық Тайбэй), «Garuda» (Индонезия), «Пайкан» (Иран), «Ланка Лайонс» (Шри-Ланка), «ВиТиВи Бин Дьен Лонг Ан» (Вьетнам). Еліміздің үш дүркін чемпиондары алғашқы ойынын ирандық «Пайканмен»өткізбек.
Айта кетейік, өткен жылы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен елімізде алғаш рет әйелдер клубтары арасында волейболдан Азия чемпионаты өткен болатын. Ауқымды шараны өткізу үшін Б.Александров атындағы спорт сарайының алаңы және жаттығу бөлмелері толық модернизациядан өтіп, Азия волейбол конфедерациясы талабына сай келген еді.
Алғашқы кезеңде үш топқа бөлінген ұжымдар өзара ойнап шығады. Жарыс жеңімпазы плей-офф нәтижесі бойынша белгілі болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
10 июля 2018 в 23:42 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: