Блоги

«Алтай» Кубогына» бильярдтан Республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды

«Алтай» Кубогына» бильярдтан Республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды

     0

ШҚО-да өткен ардагерлер арасындағы бильярдтан республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды.
Турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен келген «Астана қырандары 1», «Астана қырандары 2» (Астана қ.), «Асау Ертіс 1», «Асау Ертіс 2» (ШҚО), «13 регион» (Шымкент қ.) және РФ құрама командасы (Омск қ.) сынды 6 команда қатысқан болатын.
Жарыста еліміздегі бильярд клубтарынан келген мықты командалар ойын көрсетті. «Алтай» Кубогі» үшін 50 және одан жоғары жас мөлшеріндегі спортшылар сайысты.
ШҚО Бильярд Спорты Федерациясының атқарушы директоры Даурен Қасымхановтың айтуынша бильярд ойындарындағы әр кездесу жоғары деңгейде өткен. Турнирге қатысушылардың жеңіске жетуге деген қызығушылықтары күн сайын арта түскен.
- Ойынның тартысты болғаны соншалықты, ол аяқталмайынша қатысушылардың қайсысы бірінші орыннан көрінетіндігі белгісіз болды. Барлық ойыншылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді, - деп мәлімдеді.
Екі күнге жалғасқан бильярд ойындары қатысушыларының ішінде жеке біріншіліктен жеңіске жеткендер: І орын - Д.Юнусов (Шымкент қ.), ІІ орын – А. Маханов (Шымкент қ.), ІІІ орын С.Мусинов (ШҚО) және 2-ші ІІІ орын – С.Улыбин (Омск қ).
Командалық кездесуде 1-ші орынды «13 регион» (г.Шымкент) командасы иеленді. 2-ші орынға «Астана қырандары 1» (г.Астана) командасы ие болды. «Омск» (Омск қ.) құрама командасы 3-ші орыннан көрінді.
Сондай-ақ, келесі номинациялар бойынша ойын жеңімпаздары: «Жеңіске жігерленген ерік үшін» - И. Климов («Асау Ертіс 1» командасы); «Ең жасы үлкен қатысушы» - М. Доскожин («Астана қырандары1» командасы); «Ең үздік ойнау техникасы үшін» - О. Гончаренко (Омск қ.); «Бильярд ардагері» - А. Қажыбаев.
Марапаттау салтанатында ойынның барлық қатысушыларына медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ал жеңімпаздар кубок пен грамотадан бөлек ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жарыс ұйымдастырушылары Шымкент қаласынан келген «13 регион» командасының капитаны Нұрлан Айтынбетов пен Омск қаласынан келген «Омск» құрама командасының капитаны Олег Гончаренконың иығына шапан жапты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
17 июля 2017 в 18:07 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги