Блоги

«AltayAthletics»-тың жаз айындағы жеңісті жолы

«AltayAthletics»-тың жаз айындағы жеңісті жолы

     0

Маусым айының соңында қазақстандық жеңіл атлетика жаңалығы ретінде ірі халықаралық турнирдің өткізілуін айтуға болады. Нақтырақ айтсақ, Ғұсман Қосановтың XXVIII-ші мемориалында еліміздің түкпір-түкпірінен желмен жарысқан желаяқтар, одан бөлек, қаншама спортшылар келеді деп жоспарлануда. Ең қуаныштысы, Қазақстанның көк туын желбіретуге еліміздегі алғаш құрылған ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «AltayAthletics» жеңіл атлетика клубының мүшелері жұмылдырылып, өз өнерлерін ортаға салады.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен өткен жылы құрылған Қазақстандағы алғаш «AltayAthletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы әлемдік додаларда да өз есімін қалдырып та үлгерді. Кения жерінен арнайы шақырту алған Каролин Кипкирую, Нора Джеруто және өзге де болашағы зор атлеттер өздеріне қойылған сенімді ақтауда. Клуб капитаны Ольга Рыпаковамен бірлесе бұл спортшылар әлемдік деңгейде үздік нәтижелер көрсете білді. Еліміздегі жеңіл атлетиканың жарық жұлдызы болған жерлесіміз Ольга Рыпакова жайлы сөз қозғау әзірге ертерек. Себебі, ол маусымдағы бәсекелерін енді ғана бастауда, онымен қоса бар күш-жігерін Азия ойындарына сақтап жүрген сыңайлы.
Каролин Кипкируй болса, керемет өнер көрсетуде. Дохадағы «Гауһар лигасында» 3000 м жүгіруде алдына жан салмай, беделді саналатын жарыстың бірінде жарқын жетістігімен жұрт есінде қалды.
Өз қабілетін бағамдап үлгерген қос бірдей кениялық желаяқ Шанхайда ерекше көзге түсті. Бұл жерде Дэйзи Джипкемей мен Нора Джеруто жүлдегерлер қатарына ілігіп, екінші және үшінші орындардан көрінді. Нора Джеруто бұл сында топ жару үшін барын салған еді. Алайда, күн-райы қолайсыз болып, 3000 м қашықтықты кедергілермен жүгіруде мәреге сынық сүйем қалғанда сүрініп кетті.
Кениялықтар жеңісті жолын АҚШ жерінде жалғастырды. Мұхиттың ар жағындағы «Adidas Boost Boston Games»-те ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «AltayAthletics» есімі кезекті рет жаңғырды. Бұл додада Каролин Кипкируй мәреге бірінші, ал Дэйзи Джипкемей үшінші болып жетті.
Әлемнің ең көне қалаларының бірі Римде де кениялық қара маржандардың бабы келісті. Маусым айының басында «Гауһар лигасында» Нора Джеруто жеңімпаздан небәрі үш секунд қалып қойып, қолаға қол созды.
Десе де, жүлделі орындардың барлығы тек кениялық жеңіл атлеттерге тән деп айту әбестік. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен, «AltayAthletics» туы астында отандық жеңіл атлетиканың қаншама үздіктері жиналған. Олардың арасында сырықпен секіруде клуб мүшесі Никита Филиппов (5.50 м нәтижесін көрсетті) Оңтүстік Корея төрінде үздік атанды. Одан бөлек, Францияның Монбелье қаласында (5.26 м) жүлделі екінші орыннан көрінді. Найза лақтырудан Қазақстан көлемінде рекорд иесі Варвара Назарова жастар арасындағы ел чемпионатында өзін теңдессіз екендігін дәлелдеді. Онымен қоса, осы жолы Бішкекте (Қырғызстан) Олимпиада чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне орай өткен халықаралық турнирде (51, 37 м нәтижесін көрсетті) екінші орынға ие болды. Бұдан байқағанымыз, Варвараның нәтижесі әр жарыс сайын жақсарып келеді.
Виктория Зябкина мен Михаил Литвин клуб есімін Рига Кубогінде 100 және 400 м қашықтыққа жүгіруде тағы бір асқақтатты. Надежда Дубовицкая мен Михаил Литвин осыдан аз уақыт бұрын Германияда көзге түскен еді. Рёде қаласындағы дәстүрлі халықаралық жарыста жеңімпаз атанған болатын. Айта кету керек, Надежда Дубовицкая биіктікке секіру сынында өз қабілетін байқауда.
Тағы бір медаль еншілеген Әйгерім Шыназбекованы да тілге тиек ету артық болмас. ГФР-да Падерборн шаһарындағы халықаралық сайыста топ жарып, 100 м қашықтықты барьермен жүгіруде керемет нәтиже көрсеткен еді.
Жалпы айтқанда, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Altay Athletics» жеңіл атлеттері Еуропада жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Алда әлі талай бәсеке күтіп тұр, бұл додаларда да спортшыларымызға үлкен сенім артамыз.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
25 июня 2018 в 18:22 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги