Блоги

Қазақстандық семсерші Азия Чемпионатын жеңіп алды

Қазақстандық семсерші Азия Чемпионатын жеңіп алды

     0

Гонконг қаласында өткен семсерлесуден Азия Чемпионатының финалдық ойынында өскемендік Руслан Курбанов үш қарсыласын да сұлатып түсірді.
1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді. 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан бастапқыда әлсін ойын көрсеткенімен, кейін барын салып Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңісті тартып алды. Ал финалдық жарыста Оңт. Кореядан келген тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, есесін жібермеді.
Үш бірдей мықты қарсыласты қапы қалдырған Руслан Азия Чемпионатында жеңіске жетіп, алтынға ие болды.
Қаншама дайындықтың арқасында қол жеткізген «алтынның» иегері, мен оның бапкері Ссергей Ананьевке көршілес Ресей, Түркия сынды өзге елдерден құттықтаулар келіп түсуде.
«Жеңісімізбен жан-жақтан құттықтап жатыр. Бұл дегеніміз еліміз үшін де, шығыс өңірі үшін де үлкен мәртебе!» - деп қуанышымен бөлісті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
17 июня 2017 в 16:41 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги