Блоги

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

     0

Шығысқазақстандық еркін күрес шебері күрес түрлерінен Бішкекте өткен Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан табылды.
Қырғызстанның астанасында өткен күрес түрлерінен құрлықтық біріншілікте ШҚО спортшысы Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта қола медальға иелік етті. Біріккен күрес әлемінің жаңа ұсынысына сай, бұл жылы 10 салмақ дәрежесінде екі күнге созылған белдесу барысында жүлделер сарапқа салынды.
Сайыстың соңғы күні қола медаль үшін болған боз кілем бәсекесінде Өзбекстан елінен келген Джавраил Шапиев шығысқазақстандық балуанның қарсыласы атанды. Тартысқа толы белдесу нәтижесінде Азамат Дәулетбеков 4:0 есебімен қарсыласын қапыда қалдырды.
Айта кету керек, облыс құрамасы сапында Азамат Дәулетбеков өзге балуандармен бірлесе, өткен жылдың желтоқсан айында өткен Конфедерация Кубогінде екінші орын иеленген болатын. Өткен Азия чемпионатында шығысқазақстандық спортшы күміс медаль олжаласа, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында да сол жетістігін қайталаған еді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
05 марта 2018 в 13:36 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги