Блоги

Бүлдіршіндер боз кілемде барын салды

Бүлдіршіндер боз кілемде барын салды

     0

Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында еркін күрестен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «2019 жыл-Жастар жылы» және Отан қорғаушылар күніне арналған III облыстық турнир өтті.
Аталмыш додаға аймағымыздан тоғыз команда келіп қатысты. Кілем қожайындарынан бөлек, Өскемен, Риддер, Алтай қалаларынан, Глубокое, Жарма, Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан аудандарынан ұзын саны 188 спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыстың салтанатты ашылуына ШҚО еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының Президенті, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Мұзапаров, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері, кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы Асқар Можанов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азамат Құстыбаев қатысты.
– Еркін күресте барлығы ережеге бағынады. Кімнің әдіс-тәсілі ұтымды шықса, сол жеңіске жетеді, – деп сөз алды басқарма басшысының міндетін атқарушы. – Сіздерден алдағы уақытта үлкен жеңіс күтеміз. Бар мүмкіндіктеріңізді паш етіп, әдемі белдесулер көрсетерсіздер деген сенімдеміз.
Қатысушылар 12 салмақта өзара «кім мықтыны» анықтады. Төрешілердің айтуынша, балуандар біршама тартысты белдесулер көрсеткен екен. Барын салып белдескен жеткіншектерге жиналған жұрт та қызу қолдау көрсеткен-ді.
Турнир қортындысында, Ұлан ауданы бойынша Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары екі алтын, бес күміс және төрт қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте де тәуір өнер көрсетті. Барлық жеңімпаздар пен жүлдегерлер құрметті грамота, медальдар және облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен, Ұлан ауданынан төмендегі балуандар тұғырға көтерілді:

1. 23 келіде Тілекберген Алтынбағна 2 орын (Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Крыкпаев Е. Н.)
2. 26 келіде Мәди Уалханов 3 орын (Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Крыкпаев Е. Н.), Айдын Ақжол 1 орын (Ұлан ауылы, жаттықтырушы Нуралин К. Е.)
3. 32 келіде Еділ Нұрланұлы 3 орын (Қ. Қайсенов к., жаттықтырушы Кожахметов Н. Н.)
4. 38 келіде Ұлан Ерхатұлы 2 орын (Қ. Қайсенов к., жаттықтырушы Кожахметов Н. Н.)
5. 41 келіде Ерден Қамит 2 орын (Қ. Қайсенов к., жаттықтырушы Кожахметов Н. Н.);
6. 44 келіде Ерасыл Чинабаев 3 орын (Каменка ауылы, жаттықтырушы Рамазанов Н. К., Шынғыс Ғадылбеков 1 орын (Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Крыкпаев Е. Н.)
7. 48 келі салмақта Ақжол Байгожин 2 орын;
8. 52 келіде Багжан Маутканов 3 орын; (Асубұлақ к., жаттықтырушы Дюсенбаев Н.М.)
9. 62 келіде Нұрали Төлеген 2 орын. (Асубұлақ к., жаттықтырушы Ордабаев Ж.О.)

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.

    
09 мая 2019 в 15:05 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6.02 кзт
378.38 кзт
431.05 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги