Блоги

Боксшылар даңқты батырды еске алды

Боксшылар даңқты батырды еске алды

     0

Ұлан ауданында мамырдың 5-9 аралығында бокстан Ұлы Жеңіске арналған және Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға орай ашық республикалық турнир өтті.
Даңқты батырды еске алуға арналған турнир өзінің есімі берілген Қасым Қайсенов кентінде ұйымдастырылды. Аталмыш додада 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер бақ сынады. Мұнда облыстың бірқатар аудандары мен қалаларынан бөлек, Алматы, Қызылорда шаһарларының және Алматы облысының спортшылары келіп қатысты. Олардың ұзын саны 120-дан асып жығылды. Биыл дәстүрлі турнир 18-ші мәрте өткізілді және екінші рет республикалық деңгейде.
Шаршы алаң бәсекесін тамашалауға көрермен легі мол жиналған екен ұйымдастырушылардың айтуынша. Жас боксшылардың тартысты бәсекесі барысында Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов турнирдің Ұлы Жеңістің 74-жылдығымен тұстас келгенін жақсылыққа балап, жеңістің қаншама жанның құрбандығын қажет еткендігін жеткізді. Сайыстың осы жолғы ерекшелігі – мұнда аудан әкімі тыл ардагері Қасенжар Ескендіровке құрмет көрсетті. Арнайы сыйлық табыс етіп, ерен еңбегі үшін үлкен алғыс білдірді. Жиналған жұрт та Қасенжар ақсақалға түре геп қол соқты.
Төрт күнге жалғасқан былғары қолғап додасында қатысушылар барлығы 15 салмақта өзара «кім мықтыны» анықтады. Қортындысында, командалық есепте семейліктер көш басына шықты. Олардың ізін ала, Қызылорда қаласының боксшылары екінші, ал Ұлан ауданының спортшылары жүлделі үштікті түйіндеді. Ринг қожайындары екі алтын, бір күміс және сонша қола медаль иеленген-ді. Одан бөлек, ұйымдастырушылар жоғары деңгейде жұдырықтасқандарға арнайы марапаттар табыс етті. Атап айтсақ, Қызылорда қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ақтілек Орынбасарды «Үздік боксшы», Абай ауданынан келген Айдар Сайлаубековты «Үздік техникасы үшін» және риддерлік Махаббат Джафаровты «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясына лайық көрді.

Фото ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылды

    
10 мая 2019 в 22:39 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6.12 кзт
383.43 кзт
432.47 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги