Блоги

Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде күміс медаль олжалады

Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде күміс медаль олжалады

     0

Шығысқазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд фристайл могулден Канаданың Калгари қаласындағы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Канаданың Калгари қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд 86.43 ұпай жинап жүлделі екінші орыннан көрінді. Ол тек, 89.55 ұпай еншілеген жарыс қожайыны канадалық Майкл Кинсберриге ғана жол берді. Жүлделі үштікті 83.23 ұпаймен австралиялық Мэтт Грэм түйіндеді. Бұған дейін маусым алдындағы Финляндияның Рука қаласында өткен сайыста және Қытай Халық Республикасында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд күміс медаль иеленген болатын.
Айта кетейік, Дмитрий Рейхерд әлемдік рейтингте 2 орынға жайғасты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
07 января 2018 в 15:49 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги