Блоги

Дмитрий Рейхерд жұптық могулде қола медаль қанжығалады

Дмитрий Рейхерд жұптық могулде қола медаль қанжығалады

     0

Шығысқазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тазавако қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде жұптық могулде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Жапония жерінде өткен жұптық могул бәсекесінде жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Дмитрий Рейхерд жарыс жолына соңғы болып шығып, сапалы жасаған жаттығуының нәтижесінде кіші финалға жолдама алды. Жүлде үшін сайыста, ол француз Бенджамин Кавэден 29:6 есебімен басым түсіп, қолаға қол созды. Тұғырдың ең биік сатысына жарыс қожайыны Икума Хоришима жайғасса, күміске тәжірибелі канадалық фристайл спортшысы Микаэль Кингсберри қанағат тұтты. Қос үздік арасындағы тартыс 21:14 есебімен жапониялық спортшының пайдасына шешілді.
Дәл осы сайыста Дмитрий Рейхердтен бөлек, шығысқазақстандық Павел Колмаков жарысты 19 орынмен аяқтаса, әйелдер арасында Юлия Галышева жетінші орын иеленді.
Айта кетейік, Дмитрий Рейхерд кешегі өткен могул сынында да үздік үштікті түйіндеген еді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
04 марта 2018 в 13:46 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги