Блоги

Елена Коломина және Марина Матросова Украина жерінде жүлдегер атанды

Елена Коломина және Марина Матросова Украина жерінде жүлдегер атанды

     0

Шығысқазақстандық шаңғышылар Украинаның Тысовец қаласында өткен халықаралық FIS старт жарысында 5 км классикалық әдіспен жүгіруде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Аталмыш сайыста ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Украинаның Тысовец қаласында өткен халықаралық жарыста Елена Коломина күміс жүлде, ал Марина Матросова қола медаль иегері атанды. Айта кетейік, жарыс жолына барлығы 25 спортшы шықты. Елена Коломина жүлде үшін бәсекеде жергілікті спортшы Татьяна Антипенконы ғана алға жіберіп, 52.28 уақытымен 2-ші орыннан көрінді. Ал, Марина Матросова 55.47 нәтижесімен үздік үштікті қорытындылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
15 января 2018 в 14:39 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги