Блоги

Еріктілер жылына орай ШҚО-да «Ауылдағы жаз» жобасы іске асады

Еріктілер жылына орай ШҚО-да «Ауылдағы жаз» жобасы іске асады

     0

Еріктілер жылына орай Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдағы жаз» жобасы іске асып, жазғы демалыста кәсіби жаттықтырушылар ауылдарға барып, балаларды жаттықтырмақ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Tarbie» бағдарламасы аясында «Ауылдағы жаз» жобасы жасалды.
– Жоба барысында жаттықтырушылар жазғы демалыс орындарына, балалар үйіне және ауылдарға барып, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, олар жергілікті жаттықтырушыларға да дәріс өткізеді. Бірінші кезекте аудан орталықтары мен қалаларға емес, шалғайдағы елді-мекендерге бапкерлер жіберілетін болады, – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.
Қазірде ауылдар өтініштерін жіберуде. Келген өтініштерге орай арнайы тізім жасалып, жұмыс жүргізіледі.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Баспасөз қызметі

    
03 марта 2020 в 22:37 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги