Блоги

Ермахан Жакпеков жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Ермахан Жакпеков жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды

     0

Венгрияның астанасы Будапештте өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында шығысқазақстандық спортшы ақтық сынға жолдама алды.
Кеше қазақстандық бірнеше боксшы жартылай финалдық жекпе-жектерін сәтті өткізген еді. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушісі Ермахан Жакпеков та сол тізімнің қатарына енді.
Бұл жолы семейлік спортшы тіптен сенімді өнер көрсетті. Тайланд елінен келген қарсыласын кездесудің бар болғаны алғашқы раундында-ақ ауыр нокаутқа жіберді. Жақ тұсына бағыттаған «крюк» соққысынан кейін тайландық спортшы ес жия алмады. Енді шығысқазақстандық былғары қолғап шебері алтын медаль үшін шаршы алаңға көтерілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Ермахан Жакпеков алғашқы айналымда пуэрторикалық Мариомар Моралис Ниевисті жолынан тайдырған болатын. Бүйірге тиген бірнеше жойқын соққыдан соң, небәрі екінші раунда Мариомар Ниевис нокдаун алды. Осылайша төрешінің жекпек-жекті мерзімінен бұрын аяқтауына тура келді. Екінші айналымда Ермаханның жолы италиялық Сальваторе Кавалларомен түйісті. Бұл жерде де шығысқазақстандық былғары қолғап шеберінің дайындығы жоғары екендігі байқалды. Кездесу соңында төрешілер бірауыздан жеңісті жерлесімізге берді. Ширек финалда шаршы алаң қожайыны Тибор Барбосу Константинмен «кім мықтыны» анықтап, екеуі де тартысты жекпе-жек көрсетті. Семейлік спортшы сан рет жойқын соққысын дарытса да, Венгрия елінің өкілі кездесу соңына дейін төтеп берді. Тіпті, төрешілер дәл соққылар санын санап, жеңімпазды анықтауда қателікке бой алдырмауға тырысты. Қорытындысында екіге бөлінген шешіммен жеңіс шығысқазақстандық спортшыға бұйырды.

Фото kfb.kz сайтынан алынды
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
29 августа 2018 в 11:21 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: