Блоги

«Гауһар лигасы-2017» кезеңінде «алтынмен» оралған Ольга Рыпакованы өскемендіктер әуежайдан күтіп алды

«Гауһар лигасы-2017» кезеңінде «алтынмен» оралған Ольга Рыпакованы өскемендіктер әуежайдан күтіп алды

     0

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы оның жанкүйерлері, спорт сүйер қауым мен қалалық билік өкілдері Өскемен қаласының әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды.
Еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғап, үздік нәтижелермен танылып жүрген жеңіл атлетші бұл жолы да үлкен жеңіспен оралды. 24-ші тамызда Цюрих қаласының «Летцигрунд» алаңында өткен «Гауһар лигасы-2017» шешуші кезеңінде шығысқазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова жарқын көрсеткіш көрсетіп, «алтын» алды. Олимпиада чемпионы 14.55 метр көрсеткішімен жеңіске жетті.
– Туған қалам әрдайым мені құшақ жайып қарсы алады. Өзімнің туған жерім, сүйікті қалам, Өскеменге келгеніме қуаныштымын. Маған барынша қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерім мен жерлестеріме алғысым шексіз. Сіздердің білдірген сенімдеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз маған күш береді. Бұл біздің ортақ жеңіс!, – деді өз сөзінде О.Рыпакова.
Еске сала кетейік, Лондонда өткен чемпионатта Ольга Рыпакова «қола» жүлде жеңіп алған болатын. Бұл жолы жеңіл атлетші төртінші талпынысында 14.55 метра көрсеткішпен барлық қарсыластарын ысырып тастады. Екінші орын Юлимар Рохазда (14.52 метр) және үшінші орын Катерин Ибаргуэнде (14.48 метр).

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
28 августа 2017 в 12:16 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: