Блоги

«Кеден» командасы тағы да облыс Кубогінің иегері атанды

«Кеден» командасы тағы да облыс Кубогінің иегері атанды

     0

Өскеменде шағын футболдан «Ел жүрегі – Астана» 20-шы Елорда күніне орай әуесқой командалар арасындағы XI-ші облыс Кубогі аяқталды. Наурыздың 23 күні аталмыш жарыстың жеңімпазы белгілі болды.
Барлығы 12 ұжым төрт күнге созылған теңбіл доп бәсекесінде «Кубок иегері» атағын сарапқа салды. Алайда, командалардың ішінде өзгелерінен оқ бойы озық тұрғандары да болды. Өскемендік ұжымдардан бөлек, мұнда Семейден келген «Онарстрой» және «Достар» командалары бас жүлдеге қол жеткізу үшін жарыс жолына шықты.
– Бұл турнирдің өзге жарыстардан ерекшелігі – қарсылас командалар жеребе тарту бойынша анықталды. Жеңілген ұжым бірден жарыс жолынан шығып отырды. Десек те, өткен жылы үздіктер қатарында жүрген командалар биыл да бас жүлде үшін талас жүргізді, – деді ШҚО футбол қауымдастығының атқарушы директоры Оралбек Адылханов.
Ойын барысында бірқатар кездесулерде негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, пенальтиге жүгініп жатты. Дәл осындай жағдай ақтық ойында да орын алды. Өз тобынан үздік атанған «Марқакөл» және «Кеден» ұжымдары облыс Кубогін иелену үшін бір-бірімен жолықты. Айта кету керек, қос команда жуырда өткен футзалдан жоғарғы лигада өскемендік «Востокцветмет» командасынан кейін екінші және үшінші орынға табан тіреген болатын. Шешуші ойында негізгі уақытта есеп 3:3 болып, пенальти орындау арқылы жеңімпазды анықтауға тура келді. Осылайша, қос тарап алма-кезек қақпаға соққы бағыттап, соңында «Кеден» командасының ойыншысы Валерий Кузнецов «жеңіс» добын соқты. Қорытындысында, «Кеден» ұжымы былтырғы жылғы жетістігін қайталап, әуесқой командалар арасындағы XI-ші облыс Кубогінің иегері атанды.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің ортасына қарай үлкен футболдан қалалық біріншілік және «Көктем – Алтын күз» шағын футбол турниры, мамыр айында ардагерлер, қыздар командалары арасында футзалдан облыс чемпионаты, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыс біріншілігі өз бастауын алады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
24 марта 2018 в 18:40 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: