Блоги

Ұландық көкпаршылар «EXPO-2017» көрмесіне жолдама алды

Ұландық көкпаршылар «EXPO-2017» көрмесіне жолдама алды

     0

Өскеменде ұлттық ат спорт ойындары бойынша облыс чемпионатының жүлдегерлері анықталды. Олар Астана қаласындағы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне жолдама алды.
Облыс Чемпионатының қорытындыы бойынша Ұлан ауданы жеңіске жетсе, екінші орынды Көкпекті, үшінші орынды Тарбағатайлық командалар еншіледі. Шілде айының 22-23 жұлдызында жеңімпаз командалар мен спортшылар Астана қаласында өткізілетін Шығыс Қазақстанның мәдениет күндерінде елімізде дамып келе жатқан ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетіп, шырайлы шығыстың намысын қорғайтын болады.
Айта кетсек, «ЕХРО-2017» көрмесіне көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату сынды ұлттық ойындарымен көпшілікті таң-тамаша етуге ШҚО-дан 60-қа жуық адамнан құралған делегация аттанады.
Еске сала кетейік, аталмыш додаға Тарбағатай, Абай, Ұлан, Көкпекті аудандарынан келген командалар мен Өскемен қаласының спортшылары қатысты. Облыс орталығында бас қосқан қарулы да шыдамды, епті де жігерлі жастар бес командаға бөлініп, көпшілікті тартысты ойындарымен тәнті етті.

    
18 июня 2017 в 14:34 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги