Блоги

Ұландықтар әскери бессайыстан сынға түсті

Ұландықтар әскери бессайыстан сынға түсті

     0

Өскемендегі 5518 әскери бөлімі базасында әскери бессайыстан ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке-командалық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Аталмыш додаға Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалалларынан ұзын-ырғасы 24 адам қатысқан-ды. Сайыс барысында спорттшылар 15 спорттық атақ орындады.
Ұлттық ұландықтар АК-1 автоматынан ату жаттығуы, Ф-1 гранатасын алысқа әрі дәл атудан, 50 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуден, 400 метр қашықтыққа созылған кедергілерді еңсеру, сондай-ақ 8000 метре кросс жүгіру бойынша өзара кім мықтыны анықтады.
Жекелей біріншілік қорытындысы қатысушылардың көпсайыс бойынша жинаған ұпайларына қарай белгілі болды. Егер екі не одан көп қатысушының ұпайы тең болса, онда 8000 метр қашықтықты жылдам жүгіріп өткен спортшыға (одан ары ату, граната лақтыру сынды жаттығулар есепке алынады) басымдық беріледі. Ал командалық біріншілік көпсайыс бойынша есептік қатысушылар иеленген ұпайға қарай анықталды. Жоғарыда көрсетілгендей, екі не одан көп командалардың ұпайы теңесіп тұрса, онда 8000 метрді жылдам еңсерген команда жоғары ұпайын иеленбек (бұл жерде де ату, граната лақтыру сынды жаттығулар ескеріледі). Барша қатысушы жеңіс үшін соңына дейін сайысып, табандылық танытты. Сайыс қорытындысында командалық есепте үздіктер төмендегідей анықталды:

1. 6699 әскери бөлімі (Өскемен) 13323 ұпай
2. 6679 әскери бөлімі (Павлодар қаласы) 11052 ұпай
3. 5511 әскери бөлімі (Семей) 12260 ұпай
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен мадақтама қағаздарына ие болды.

Бағдат Амангелді,
ҚР «Шығыс» өңілік қолбасшылығының баспасөз бастығы

    
02 июля 2019 в 22:07 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6.08 кзт
384.06 кзт
429.19 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги