Блоги

Ұлттық ұландықтар Президенттік көпсайыстан «кім мықтыны» анықтады

Ұлттық ұландықтар Президенттік көпсайыстан «кім мықтыны» анықтады

     0

Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жүлдесіне қысқы Президенттік көпсайыстан жеке-командалық сайыс өтті.
Жарысқа Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалалары өңірлік қолбасшылғының әскери бөлімдері қатысты. Жүлделі орындарды сарапқа салған сарбаздардың ұзын саны 30-ға жуық. Қатысушылар бәсеке барысында 13 спорттық разрядын орындады. Сайыс деңгейі жоғары, барлығы да бағдарламаға сай өткен-ді. Әр қатысушы жеңіске деген жігер танытып, соңына дейін күресумен болды. Десе де Курчатов қаласының 3514 және Өскемендегі 6699 әскери бөлімдерінің әзірлігі тыңғылықты екені байқалды. Ұлттық ұландықтар пневматикалық винтовкадан ату, белтемірде тартылу және 5 шақырымға созылған шаңғы сайсысында өз мүмкіндіктерін байқады.
Айта кетейік, қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионаты наурыз айында Өскеменде өтеді.

Бағдат Амангелді
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы

    
08 февраля 2019 в 14:52 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6.11 кзт
384.87 кзт
432.52 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги