Блоги

Назерке Тілеуханова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Назерке Тілеуханова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

     0

Ливанның астанасы Бейрут қаласында кадеттер мен жастар арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында шығысқазақстандық спортшы Назерке Тілеуханова қола жүлдегер атанды.
Аталмыш додада ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ спортшысы Назерке Тілеуханова 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұрымды спортшы барлығы үш белдесу өткізді. Алғашқы айналымда Тайпей елінің өкілінен басым түскенімен, келесі белдесуінде Оңтүстік Кореядан келген спортшыдан айласын асыра алмай жеңіліс тапты. Ал, қола медаль үшін болған кездесуінде Назерке непалдық дзюдошыны жеңіп, қола жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, шығысқазақстандық спортшы Думан Бұғылбаев пен Айдар Қайырбаевтың қол астында жаттығады. Еліміздің спорт шебері. Назерке Тілеуханова биыл өткен жылғы жетістігін қайталады. 2017 жылы бұрымды дзюдошымыз Бішкек татамиінде өткен құрлықтық біріншілікте үздік үштікті қорытындылаған еді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
14 мая 2018 в 18:07 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги