Блоги

Ольга Рыпакова Құрлықтық IAAF кубогінде жүлдегер атанды

Ольга Рыпакова Құрлықтық IAAF кубогінде жүлдегер атанды

     0

Шығысқазақстандық спортшы Чехияның Острава қаласындағы жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру сынындағы Құрлықтық IAAF кубогінде күміс медаль еншіледі.
Ел намысын абыроймен қорғап жүрген ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі осының алдындағы Азия ойындарындағы көрсеткішімен жүлдеге ілікті. Яғни ол жарыста жерлесіміз 14,26 м көрсетіп, топ жарған еді. Бұл жолы үш қарғып секіру шеберінің алдын 14,76 м нәтижесімен колумбиялық Катрин Ибаргуен ғана орап кетті. Үздік үштікті жерлесімізге небәрі 4 см-ге есе жіберген Греция елінің өкілі Параскеви Папахристу түйіндеді. Ол 14, 22 м-ге қарғыған болатын.
Айта кетейік, шығысқазақстандық спортшы Индонезия жерінде өткен Азия ойындарында осы нәтижесімен маусымдағы жеке рекордын орнатты. Онымен қатар үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова және желаяқ Виктория Зябкина Азия және Мұхиттың біріккен командасы құрамына енген еді.

Фото tengrinews.kz сайтынан алынды
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
09 сентября 2018 в 11:11 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: