Блоги

Семейлік самбошы Сеулге жол тартпақ

Семейлік самбошы Сеулге жол тартпақ

     0

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында 8-10 қараша күндері самбо күресінен Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге қазақстандық самбо шеберлері толық құрамда (ерлер, әйелдер, жауынгерлік самбо, 27 балуан) қатысады. Спорттық самбодан ел намысын 82 келіде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшысы Руслан Жарқынбаев қорғайды.
Руслан Жарқынбаев самбо күресінен Әлем Кубогының күміс және қола жүлдегері, үшінші бүкіләлемдік көшпенділер ойынының жеңімпазы. Беларусь астанасы Минск қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан А санатындағы XXIII халықаралық турнирі, самбо күресінен Беларусь Республикасының ашық чемпионаты және Беларусь Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған жарыстың қола жүлдегері. Руслан сондай-ақ көктемде ел чемпионатында топ жарса, жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында ересектер арасында алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Әлем чемпионатында Руслан Жарқынбаевтан бөлек, шығысқазақстандық Асылбек Смайылов пен Райхан Мәди жауынгерлік самбодан сынға түседі.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    
06 ноября 2019 в 14:48 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги