Блоги

ШҚО дзюдошылары Азия Кубогінде жүлдегер атанды

ШҚО дзюдошылары Азия Кубогінде жүлдегер атанды

     0

Шығысқазақстандық спортшылар Алматыда өткен Қазақстан дзюдо федерациясының Президенті Бекет Махмұтовтың құрметіне өткен жастар арасындағы Азия Кубогінде алты жүлдеге ие болды.
Аталмыш сайыста қазақстандық командалардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан келген татами шеберлері өзара күш сынасты. Бұл жарыс 200 дзюдошының басын қосты. Азия Кубогінде облыс атынан сынға түскен саңлақтар бір алтын және бес қола медальға иелік етті. Спортшылар арасында жалғыз алтын медальды 78 келіге дейінгі салмақтағы Назерке Тілеуханова жеңіп алды. Анель Наурызбаева 78 келіден жоғары салмақта сайыстың қола медальін еншіледі. Жеңіл салмақта, яғни 44 кг салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орын Еркежан Махмудоваға бұйырды. Жасөспірімдер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Қуаныш Ратаев, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдар Хасенов үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, 100 келіден жоғары салмақта өз мүмкіндігін байқаған Ілияс Қалиолда да жарыстың қола жүлдесіне қол созды.

ШҚО Дене шынықтыружәне спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
23 апреля 2018 в 15:24 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги

Популярные теги