Блоги

ШҚО дзюдошылары топ жарды

ШҚО дзюдошылары топ жарды

     0

Таразда жастар арасында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысқан ШҚО спортшылары жүлдемен оралды.
Үш күнге созылған ел біріншілігінде шығысқазақстандықтар 3 медальға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша +100 салмақ дәрежесінде Дарын Беисханов екінші орын алды. Сондай-ақ, Балнұр Әбдешова (52 кг) және Естай Серікбол (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 3 орынға ие болып, қоржынға екі қола жүлде салды.
Бұдан бөлек, жарыстың соңғы күні командалық сайыста шығысқазақстандықтар Қызылорда спортшыларынан жеңіліп, ІІ орынға ие болды. Ал үшінші орын Атырау және Түркістан облыстарының еншісінде.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт бсқармасы
Баспасөз қызметі

    
11 марта 2020 в 12:36 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги