ШҚО спортшылары Ресей жеріндегі турнирде жақсы нәтижеге қол жеткізді

Аватар пользователя Женяспорт

27-29 қазан аралығында Барнаул (Ресей) қаласында жасөспірім ұлдар арасында өткен халықаралық «Дзюдо күніне» арналған «Сенсей Кубогы» дзюдодан дәстүрлі аймақаралық турнирінде шығысқазақстандық жас спортшылар жүлдегерлер қатарынан табылды.
«Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары өз саламқатарында тұғыр сатысына көтерілді.
Жарыстың алғашқы күні 2007-2009 ж. т. арасында Темірлан Шыңғаев (35 кг) – 1-ші орын, Тамерлан Қуанышев (26 кг), Аслан Сапарғали (38 кг) мен Темірлан Шафхат (42 кг) – өз салмақ дәрежелерінде жүлделі 3-ші орын иеленді.
Жарыстың келесі күні 2004-2006 ж. т. арасында Мәди Серіков (38 кг) – 1-ші орын,Ақжан Шайхислямов (38 кг) мен Данияр Канағатов (46 кг) – өз салмақ дәрежелерінде 3-ші орын алды.
Жарыстың соңғы күні де біздің спортшыларымыз үшін жеңіске толы болды. 2001-2003 ж. т. арасында Жақсылық Жұмабеков (66 кг) пен Дияс Талғатұлы (81 кг) – 1-ші орын, Нұрғанат Әлімғазыұлы (46 кг), Айдан Қонысбеков (50 кг) мен Айдар Төлеубаев (55 кг) – 2-ші орын, Әділ Жангуттин (46 кг), Азамат Зулжалелов (55 кг) пен Еркебұлан Маратұлы (60 кг) – өз салмақ дәрежелерінде 3-ші орынға иабан тіреді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі