Блоги

ШҚО спортшылары ШЫҰ марафонында топ жарды

ШҚО спортшылары ШЫҰ марафонында топ жарды

     0

Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім жөніндегі кеңесінің халықаралық марафоны өтуде. 5000-нан астам адам қатысқан марафонда Шығыс Қазақстан облысының спортшылары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көзге түсті.
Марафон қатысушылары 3 категория бойынша сынға түсті: 42 км, 10 км және 2017 метр.
Осылайша, 2017 метр қашықтықта бақ сынасқан спортшылар арасынан ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қалалық №2 БЖӨСМОР» шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті. Белгіленген қашықтыққа жүгірген Серікбек Әділбек 2-ші, ал Евгений Архипов 3-ші орынға ие болды. Астана қаласының спортшысы Әлімхан Сейдешев чемпион атанды.
Аталмыш марафонда ШҚО облысының намысын 12 спортшы қорғады.
10 км қашықтықта Қайнбай Ермұрат 15-ші орын және Мұхаметов Елдос 17-ші орын алды. Дәл осы қашықтықта 3003 қатысушы сынға түсті.
42 км қашықтыққа жүгірген 270 қатысушылардың ішінен Лейменов Андрей (ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының Жазғы спорт түрі бойынша ЖСШМ) 5-ші және Амир Байтуканов 8-ші орында.
Айта кету керек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) халықаралық марафоны екінші рет өтуде. Мұндай алғашқы жарыс ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып, 2016 жылы Қытайда өткен болатын.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
27 августа 2017 в 12:36 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: