Блоги

ШҚО спортшылары Ақтөбедегі ел чемпионатында жүлдегер атанды

ШҚО спортшылары Ақтөбедегі ел чемпионатында жүлдегер атанды

     0

Ақтөбеде еркін және әйелдер күресінен 1998-2000 ж.т. спортшылар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Бұл сында төрт шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ақтөбеде төріндегі боз кілем бәсекесінде өңір намысын қорғаған спортшылар лайықты өнер көрсетіп, екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Бұрымдылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Төлеген Бейсембаевтың қол астында жаттығатын Құралай Нұрмұхаметова қола медальға иелік етті. Асқар Мұқашев жаттықтыратын еркін күрес шеберлерінің үшеуі аталмыш сынның ақтық сынына шықты. Ең тартысты белдесу 74 келі салмақтағы спортшылар арасында орын алды. Ақтық сынға облыс орталығының қос бірдей балуаны, атап айтсақ, Диас Асқаров пен Шыңғыс Мұхаметқалиев шығып, алтын жүлдені сарапқа салды. Бір кілемде жаттығатын спортшылардың жолы жарыстың ақтық белдесуінде түйісті. Нәтижесінде Диас Асқаров ел чемпионы атанса, Шыңғыс Мұхаметқалиев күміс жүлде еншіледі. Ал, Айбар Жылқайдаров 79 келі салмақта барлық қарсыластарын сенімді ұтып, өз салмағында топ жарды. Шешуші сында шығысқазақстандық спортшы Маңғыстау облысының өкілін ұтып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
24 марта 2018 в 19:42 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: