Блоги

ШҚО спортшылары Таразда жүлдегер атанды

ШҚО спортшылары Таразда жүлдегер атанды

     0

Таразда жекелей жаттығудағы ҚР чемпионаты, батутты гимнастикадан ҚР Кубогі және акробатикалық жолда жекелей секірудегі федерация Кубогі өтті.
Сайысқа еліміздегі облыстар мен қалалардан 80-ге жуық спортшы келіп қатысты. Өңір атынан барған ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО ойын түрлері бойынша кешенді- мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервті спорт мектебі» КММ-ның 13 спортшысы жарыстың әр түрлі тәртібі бойынша 14 жүлделі орын иеленді. Атап айтсақ, шығысқазақстандықтар бұл сыннан үш алтын, төрт күміс және жеті қола медаль еншіледі.
Батутты гимнастикадан жекелей жаттығудағы ел чемпионатында жасөспірімдер арасында Игорь Грачев үшінші орын иеленді. Акробатикалық жолда жекелей секіру бойынша алғашқы жаттығу нәтижесінде қыздар арасында Виталия Смотрикова жүлделі екінші орын, ал Анжела Вислобокова тұғырдың үшінші сатысына жайғасты. Дәл осы сайыста екінші жаттығу бойынша Анжела Вислобокова жеңімпаз атанса, Виталия Смотрикова алғашқы нәтижесін қайталап, екінші орыннан көрінді.
Батутты гимнастикадан акробатикалық жолда жекелей секіру бойынша ШҚО спортшылары қыздар арасында әр түрлі жүлделер иеленді. Бұл бәсекеде Анжела Вислобокова алтын, Виталия Смотрикова күміс, сондай-ақ, Надежда Бухарина қола медаль иеленді. Батутта жекелей секіруде Евгения Степанишина жарыстың күміс жүлдесіне иелік етсе, Ксения Голышак үздік үштікті қорытындылады. Дәл осы бәсекеде Яков Шифлер қолаға қол созды. Ал, ең қызықты, ең тартысты өткен батутта синхронды секіруде Евгения Степанишина жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Жасөсіпірімдерге келсек, мұнда Игорь Грачев топ жарды. Яков Шифлерге екінші орын бұйырса, Дәулет Рахатов қола жүлдеге қанағат тұтты.
Сонымен қатар, акробатикалық жолда жекелей секіруде федерация Кубогін Виталия Смотрикова жеңіп алды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
23 марта 2018 в 21:02 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: