Блоги

ШҚО спортшысы Германияда жүлдені қидай сыпырды

ШҚО спортшысы Германияда жүлдені қидай сыпырды

     0

Шығысқазақстандық пара жүзуші Нұрәлі Советханов Германия төрінде өткен Әлем Кубогінде жүлдені молынан иеленді.
2018 жылдан бері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клуб» КММ-нің тәрбиеленушісі Нұрәлі Советхановтың есімі елішілік пара жүзу спортында кеңінен айтыла бастады. Былтыр Әлем кубогінде топ жарып, ел қоржынына алтын медаль әперсе, биыл да сол үдеден шыға білді. Тіпті, жанкүйерлер күткенін асырып орындады деуге негіз бар. Атап айтсақ, төрт адамнан қатысатын эстафета сынында 50 метр қашықтықта алдына жан салмады. Қос күмісті 4*50 және 4*100 метрге аралас жүзуден иеленсе, тағы үш күміс 50 метрге, 100 метрге, сондай-ақ абсолют дәрежеде 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бұйырды.
Сонымен қатар шығысқазақстандық өренге S13 тәртібінде брасс әдісімен жүзуде қарсылас шақ келмей, қоржынын кезекті алтын жүлдемен толықтырды. Берлин шаһарындағы жеңісті жолды жалғастыруға себеп болған спортшының бапкері Максим Филимоновтың еңбегін айта кеткен абзал.

Фото ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылды

    
10 июня 2019 в 22:11 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги