Блоги

ШҚО спортшысы Халықаралық турнирде қола медаль иеленді

ШҚО спортшысы Халықаралық турнирде қола медаль иеленді

     0

Швейцарияның Штанс қаласында өткен Шинкиокушинкай каратэден Ашық Халықаралық «Swiss open-2018» еуропалық турнирінде семейлік спортшы Тимур Құлсейітов жоғары нәтиже көрсетті.
Еуропадағы ең ауқымды, әрі беделді сайыстардың бірі саналатын бәсекеде 15 елден келген 350 спортшы жүлдегер атану өзара шеберлік байқасты. Жарыста балалар, жасөспірімдер, ересектер және қыздар өз мүмкіндіктерін байқады. Тимур Құлсейітов 11-12 жас аралығында, 39 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Шығысқазақстандық каратэші барлығы үш кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жектерінде Германия, Украина елінің спортшыларын айқын басымдықпен сан сақ соқтырса, келесі кездесуінде Венгрия елінің өкіліне жол береді. Алайда, бұл нәтиже Халықаралық турнирде қола жүлдегер атануға жеткілікті болды.
– Бұл Тимурдың ауқымды жарыстардағы алғашқы ірі жетістігі. Мұнымен тоқталмаймыз. Алдағы әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсету үшін тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргіземіз, – деді ШҚО Шинкиокушинкай каратэ федерациясы қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Жанболат Тоқсанбаев.
Ел құрамасы аталмыш бәсекеге 11 спортшы апарды. Олардың қатарында бес шығысқазақстандық спортшы өнер көрсетті. Халықаралық турнирде қазақстандық каратэшілер 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте де сәтті өнер көрсетті.
Спортшылар маусымның 19 күні Жапонияның Токио қаласында бастауын алатын Әлем чемпионатына жол тартады. Жанболат Тоқсанбаевтың айтуынша, бұл додаға аймақ атынан алдыңғы қатарлы 20 спортшы барады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
04 мая 2018 в 11:49 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги