Блоги

ШҚО спортшысы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегер атанды

ШҚО спортшысы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегер атанды

     0

Италияның Тоблах қаласында шаңғы жарысынан өткен әлем Кубогі кезеңінде шығысқазақстандық спортшы 15 км қашықтықта классикалық әдіспен із кесу жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Әлемнің кіл мықты шаңғышылары бас қосқан бәсекеде барлығы 87 спортшы жүлде үшін талас жүргізді. Олардың қатарында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спортттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Алексей Полторанин де болды. Көшбасшыдан 49 секунд қалып келе жатқан шығысқазақстандық шаңғышы жарыс жолына 14 болып шықты. Сайысқа дейін Алексей уақыт айырмашылығымен негізгі қарсыластарынан айтарлықтай қалып тұрды. Алайда, тыңғылықты дайындығы мен тәжірибесінің арқасында мәре сызығын 3-ші болып кесті, үздік уақыт көрсете білді. Шығысқазақстандық спортшы норвегиялық, ресейлік шаңғышыларды алға жіберіп, 33.35.06 уақытымен әлем Кубогі кезеңінің қола жүлдесіне қол созды.

фото today.kz сайтынан алынды
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
18 декабря 2017 в 09:31 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги