Блоги

ШҚО-да бильярдан облыстық турнир өтті

ШҚО-да бильярдан облыстық турнир өтті

     0

Өскеменде бильярдтан Темірлан Уалиевті еске алуға арналған ересектер арасында облыстық турнир өтті. Аталмыш жарыс облыстық деңгейде осымен екінші рет өткізілді.
Сайыста өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан және аймақтың бірқатар аудандарынан 32 спортшы келіп қатысты. Мұнда 18 жастан бастап 63 жас аралығындағы қатысушылар және 63 жастан жоғары ардагерлер өзара үздікті анықтады. Үздіктер олимпиадалық жүйе бойынша ойнап шығу барысында белгілі болды. Жарыс ережесіне сай, екі рет жеңіліс тапқан қатысушы турнирден шеттетіліп отырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек. Турнир нәтижесінде ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
1 орын Николай Рыжых
2 орын Жекенбек Джаманшалов
2 орын Ертай Байбатшин
Жастар арасындағы қорытынды
1 орын Елдос Мухамеджанов
2 орын Бадри Джабисашшвили
3 орын Диас Оспангалиев
3 орын Роман Волков
Сайыс соңына қарай, жоғары ойын деңгейін көрсеткен қатысушылар арнайы марапатқа ие болды. Ардагерлер арасында «Ең ересек қатысушы» ретінде Амангелді Қажыбаев танылды, ал, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына Серик Байбатчин қол жеткізді. Еркінбек Шомбинов «Үздік техникасы үшін» марапатталды. Жастар арасында «Ең жас қатысушы» номинациясына Вадим Ким ие болса, «Жеңіске деген жігері үшін» Асқарбек Оралтаев лайық деп танылды. «Үздік техникасы үшін» Нуржан Жиенбаев ал, Дәурен Қасымханов «Белсенді қатысқаны үшін» деген номинациясын еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаздары мен медальдар, кубок, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табысталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
12 марта 2018 в 17:30 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: