Блоги

ШҚО-да бильярдтан халықаралық турнир өтуде

ШҚО-да бильярдтан халықаралық турнир өтуде

     0

Өскеменде ардагерлер арасында бильярдтан Бағдат Шаяхметовты еске алуға арналған халықаралық деңгейдегі турнир өтуде. Аталмыш сайыстың өтуі биыл алғаш рет.
Шараның салтанатты ашылуына ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Есімі елімізге белгілі Бағдат Шаяхметовты еске алуға арналған жарыстың тұңғыш рет болса да, ауқымды деңгейде өтуі үлкен қуаныш. Оның еңбегі сонау КСРО кезінен бері көпшілікке мәлім. Әрқайсыңыз тартысты ойын көрсетіп, турнирден жоғары әсер алып қайтасыздар деп ойлаймын, – деді басқарма басшысы.
Алғаш рет өткізілсе де, халыаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Оған шығысқазақстандық қатысушылардан бөлек, Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан, Түркістан облысынан және Ресейден ұзын саны 84 ардагер келіп қатысуда. Барлығы 12 команда. Сайыс шаһардағы титан-магнии комбинатында бастау алды.
– Мұндағы негізгі мақсат осы зауытты өз заманында биік дәрежеге көтеріп, жандандырған еліміздің Еңбек ері Бағдат Шаяхметовты еске алу. Одан бөлек ардагерлерді бір ортаға жинап, осындай бастаманы бірлесе қолдау үшін өткізіп отырған жайымыз бар, – деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Рыспек Қасенов.
Сондай-ақ, Рыспек Қасеновтың айтуынша турнирдің өтуіне аталмыш комбинаттың директоры Әсем Мамутова, одан бөлек Сергей Коротин сынды бірқатар меценаттар мұрындық болған.
Турнир үш күнге жалғаспақ. Мұнда 50-ден 63 жасқа дейінгі қатысушылардан жеті команда шықса, одан жоғары жаста бес команда өзара үздікті анықтауда. Ойын айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жекелей есепте шығарылады.
Айта кетейік, ардагерлер арасында ең егде қатысушының дені 75 жаста екен. Астана қаласынан келген бұл қатысушының есімі Марат Досқожин, бірқатар республикалық жарыстардан жүлде алып жүрген жан. Бұл жолы да сенімді ойын өрнегін көрсетуде. Шілденің 14 күні ақтық ойындар өтеді. Жүлдеге лайық өнер көрсеткендерге бағалы сыйлықтар табыс етілмек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
12 июля 2018 в 23:59 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: