Блоги

ШҚО-да бокстан облыстық біріншілік басталды

ШҚО-да бокстан облыстық біріншілік басталды

     0

Аягөз ауданында Астана қаласының 20-жылдығына орай 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі басталды.
Шаршы алаң бәсекесінде Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан және облыстың барлық аудандарынан барлығы 182 жас былғары қолғап шебері жұдырық түйістірмек.
– Жарыстың басты мақсаты – алдағы болатын ірі жарыстарда бақ сынайтын облыс құрамасын жасақтау, сондай-ақ, спортшылардың шеберлік дәрежесін арттыру, – деді кіші жасөспірімдер арасында Шығыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы Ержан Бекишев.
Сайысқа қатысушылар барлығы 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтамақ. Осы біріншілікте ақтық сынға жолдама алған боксшылар облыс құрамасына алынып, наурыз айының 5 мен 9 аралығында Жарма ауданында өтетін Қазақстан Республикасының аймақтық біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алады. Аталмыш жарыс ақпанның 10-на дейін жалғаспақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
07 февраля 2018 в 21:11 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: