Блоги

ШҚО-да дойбыдан облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да дойбыдан облыс чемпионаты өтуде

     0

Өскеменде көру қабілеті төмен жандар арасында əр түрлі жас ерекшелігі бойынша дойбы "64" облыстық чемпионаты өтуде.
Аталмыш сайысқа өскемендік қатысушылардан бөлек, Семей қаласынан жəне Тарбағатай ауданынан келген 20-ға жуық спортшы жарыс жолына шықты. Бұл сында екі спорт шеберлігінен үміткер, екі бірінші спорттық разряд иегері жəне облыс чемпионы Сəуле Бейсембаева сынды тəжірибелі спортшылар да өз мүмкіндіктерін байқауда. Облыс чемпионаты "микроесеп" тəртібінде өтуде. Яғни, əр ойыншының еншісінде 45 минут уақыт болады. Мұнда бір ойын аяқталған соң, спортшылар дойбының түсін өзгертіп, тағы бірнеше ойын өткізеді. Жарыс алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы чемпионатында өңір намысын қорғайтын спортшыларды іріктеп, қатысушылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатымен өткізілуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алты күнге созылған бəсеке барысында белгілі болмақ. Бұдан соң, үздік нəтиже көрсеткендері мамыр айында Оралда өтетін ел чемпионатында өнер көрсетеді.

ШҚО Дене шынықтыру жəне спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
26 марта 2018 в 17:46 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги