Блоги

ШҚО-да грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін ашық облыстық турнир өтуде

ШҚО-да грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін ашық облыстық турнир өтуде

     0

ШҚО-ның Жарма ауданында Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығы, Жарма ауданының 90-жылдығы және Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін ашық облыстық турнир өтуде.
Жарыстың салтанатты ашылуына Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов қатысты.
– Осындай жарыс туған жерімде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлығы шетінен әдемі күрес көрсетуде. Мұндай жарыстардың жиі өткізілуі орынды жайт. Себебі, өзге балуандармен иық тірестіріп күресу – ең алдымен мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді, – деді Дәулет Тұрлыханов.
Боз кілем бәсекесінде 2005, 2006-2008 ж.т. спортшылар жарыс жолына шықты. Қатысушылар барлығы 10 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Спортшылардың ұзын саны 180.
Жарыстың бас төрешісі Манарбек Буденовтың айтуынша, сайыс салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, грек-рим күресін кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілуде. Турнирде облыстың барлық аудандарынан бөлек, Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларынан және Алматы облысынан келіп өз қабілеттерін байқауда. Олардың ішінде «Дәулет» спорт клубының және Болат Тұрлыхановтың спорт мектебінің тәрбиеленушілері бар. Жарыста жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар облыс намысын республикалық және одан ірі бәсекелерде қорғамақ. Алғашқы күннің қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

26 кг дейінгі салмақ қорытындысы
1 орын – Нуржан Ашимжанов (Жарма ауданы)
2 орын – Султан Маратулы (Шымкент)
3 орын – Сулейман Алиев (Алматы облысы)
3 орын – Ернур Ерлан (Үржар ауданы)
34 кг дейінгі салмақ қорытындысы
1 орын – Ерасыл Темірғали (Алматы облысы)
2 орын – Қайсар Рымханов (Жарма ауданы)
3 орын – Рауан Серікханов (Аягөз ауданы)
3 орын – Бексұлтан Омар (Жарма ауданы)
39 кг дейінгі салмақ қорытындысы
1 орын – Ердос Жұмағұлов (Жарма ауданы)
2 орын – Ильхан Омаров (Алматы облысы)
3 орын – Шынғыс Әбілов (Аягөз ауданы)
3 орын – Әрсен Нұржанов (Жарма ауданы)
46 кг дейінгі салмақ қорытындысы
1 орын – Диас Қажымұрат (Жарма ауданы)
2 орын – Дарын Тұрғамбаев (Үржар ауданы)
3 орын – Жұмаділ Нұрболов (Үржар ауданы)
54 кг дейінгі салмақ қорытындысы
1 орын – Ерқанат Муқият (Семей)
2 орын – Әрсен Әбілқайыров (Өскемен)
3 орын – Ерназар Ермұратов (Өскемен)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
20 мая 2018 в 03:17 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги