Блоги

ШҚО-да хоккейден ҚР чемпионаты аяқталды

ШҚО-да хоккейден ҚР чемпионаты аяқталды

     0

Өскеменде 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасындағы хоккейден ҚР чемпионатының екінші кезеңі аяқталды.
Өскемендегі хоккей модулінде шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты мәресіне жетті. Жарыста барлығы алты құрама бақ сынасты. Алты күнге созылған сайыс барысында төрешілер Латвияда өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсететін үміткерлерді іріктеді.
Ел біріншілігінде өскемендік спортшылардан бөлек, Қарағанды қаласының «Юность», астаналық үш бірдей «Астана», «Барыс-2001», «Барыс-2002», Павлодар қаласының «Ертіс», Рудный қаласының «Горняк» және Көкшетау қаласының «Арлан» командалары жүлде үшін талас жүргізді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының намысын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырлыған шайбалы хоккейден балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілері қорғады.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
1 орын «Барыс» ЖХЛ (Астана)
2 орын «Юность» (Қарағанды)
3 орын «Торпедо» (Өскемен)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
12 января 2018 в 18:24 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: