Блоги

ШҚО-да Ұлттық ат спорты түрлерінен жабылу мауысымына арналған ашық қала чемпионаты өтті

ШҚО-да Ұлттық ат спорты түрлерінен жабылу мауысымына арналған ашық қала чемпионаты өтті

     0

Өскемендегі қалалық атшабарда Ұлттық ат спорты түрлері бойынша 2017 жылдың маусымына арналған ашық қала чемпионаты мәресіне жетті.
Ұлттық ат спорты түрлерін дамыту әрі насихаттау мақсатымен өткен спорттық іс-шара биылғы маусымда алғаш рет өтті. Жарысқа тек қала деңгейіндегі спортшылар қатысты. Сайысқа қатысушылардың дені 10-нан 16 жасқа дейінгі балаларды құрайды. Жас спортшылар бәйге, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, қыз қуу, теңге ілу сынды бәсекелерде шеберлік байқасты. Қатысушылардың көзінен ат спортына деген ерекше ықыласты аңғару қиын емес.
– Бұл жарысқа қатысып жатқан балалардың барлығы бірдей көкпаршы, шабандоз болмаса да, ұлттық спортымызға құрметпен қарауы аса маңызды. Азаннан кешке дейін компьютер ойындарын ойнап өскен баланың бойынан патриоттық сезімнің болуы екіталай. Түбінде осы жас спортшылардың бірі елге белгілі көкпаршы, балуан болып жатса, біз тек қана қуанамыз, – деді талай шабандоздарды жаттықтырып жүрген бапкер Тұрсынбек Ахметжанов.
Қалалық чемпионатта жақсы нәтижеге қол жеткізген спортшылар облыс құрамына алынып, алдағы жылы еліміздің бірнеше қаласында өтетін ат спорты түрлерінен республикалық жарыстаға қатысатын болады. Қалалық чемпионат қорытындысында қыз қуу бойынша:
1 орын Д. Кузьмина
Б. Жұртпаев
2 орын А. Молдбаева
Ә.Жұмашев
3 орын И.Скасерова
С.Бабаханов
Бәйгеде жүлдеге іліккендер:
1 орын Д.Ризабеков
2 орын С.Наурызбаев
3 орын Е.Шағманов
Жамбы ату бойынша:
1 орын Ә.Қайратов
2 орын Т.Елеусізов
3 орын Қ.Әзімбаев
Аударыспақ және көкпар қорытындысы дүйсенбі күні тапсырамыз.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
21 октября 2017 в 21:09 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги