Блоги

ШҚО-да Наурыз мейрамына орай спорттық сайыстар өтті

ШҚО-да Наурыз мейрамына орай спорттық сайыстар өтті

     0

Өскеменде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Республика алаңында және Металургтер мәдениет сарайының алдында қала тұрғындарының назарына, кез келген ерікті бақ сынауға мүмкіндік алған спорттық ойындардан жарыс өтті.
Түс ауа өз бастауын алған мерекелік концертпен қатарлас, қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге сынды спорт түрлері бойынша жүлде алуға өз өнерлерін ортаға салды. Ең алдымен қол күрес бәсекесі өтіп, мұнда Бауыржан Битибаев жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Ал, қыздар арасында дәл осындай абсолютті чемпионы атағын Ақбота Амангелдинова иеленді. Гір көтеру бойынша барлығы 12 спортшы жарыс жолына шықты. Спорттың бұл түрінен тек оқушылар ғана сайысқа түсті. Оның ішінде жалғыз бұрымды өнер көрсетті. Ұлдар арасында 16 келілік гірді 91 рет көтерген №33 мектептің 8-сынып оқушысы Айбат Түсіп бірінші орын иеленді. Қыздар араыснда 12 келі тартатын гірді 57 рет басынан асыра көтерген «Миновное орта мектебінің» 7-сынып оқушысы Гүлім Болатова жеңімпаз атанды. Бұл жерде барлық қатысушыға бес минут уақыт берілді. Шахмат бәсекесінде бақ сынаған жастар мен ардагерлер өте тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде 14 спортшының арасынан Александр Чернов үздік атанды. Жүлделі екінші орын Серхан Кезекбаевқа бұйырса, Өмірхан Аубакиров үздік үштікті түйіндеді. Әрбір сайыста топ жарған қатысушылар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
23 марта 2018 в 11:40 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги