Блоги

ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін IV дәстүрлі халықаралық турнир өтті

ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін IV дәстүрлі халықаралық турнир өтті

     0

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін 2000 ж.т. және одан үлкен спортшылар арасында IV дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Спорттық шараның құрметті қонағы ретінде Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Сіздерді бүгінгі халықаралық турнирдің өтуімен облыс басшылығы жəне басқарма атынан шын жүректен құттықтаймын. Осындай керемет жеңіл атлетика манежінде халықаралық деңгейдегі жарыстың өткізілуі қуанышты жайт. Жарысқа жиналған әр жеңіл атлет өз елінің намысын абыроймен қорғайтыны белгілі. Ендеше, мұндағы қатысушылардың барлығы тек жоғары нәтиже көрсетіп, алдағы уақыттарда сіздерден дүбірлі додаларда жүлде алатын спортшы шығады деген үміттемін, – деді басқарма басшысы.
Халықаралық турнирде қатысушылар саны шамамамен 140-қа жетті. Өткен жылы 7 елден спортшылар келсе, биылғы жеңіл атлеттер жарысында қазақстандық спортшылардан бөлек, 8 мемлекеттің жеңіл атлеттері жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, Қырғызстан, Өзбекстан,Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Малайзия және Украина. Турнир барысында спортшылар биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру, 60 м жүгіру, 60 м барьермен жүгіру, 400 м жүгіру, 800 м жүгіру, 3000 м жүгіру, 4*200 м, 4*100 м, 4*400 м және аралас эстафета сынды жеңіл атлетиканың бағыттары бойынша өнерлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, спортшыларды марапаттау барысында қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова жарысқа жиналған барлық қатысушыларға және халықаралық турнирдің өтуіне ат салысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясына алғысын білдірді.
Айта кетейік, кәсіби спорт клубы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен құрылып, тұсаукесер рәсімі 2017 жылы 3 қарашада өтті. Айта кету керек, клуб мүшелерінің құрамына Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова, сонымен қатар, Варвара Назарова, Артур Гафнер, Элина Михина сынды жас спортшылар енді. Сондай-ақ, Қазақстанда жеңіл атлетиканың дамуына серпін беру үшін, жобаның алғашқы бастамасында кениялық спортшылар клубқа мүше болып кірді. Кейбір жеңіл атлеттер «Гауһар Лигасында» және түрлі халықаралық жарыстарда жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, жүлдегер атанып үлгерді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
21 января 2018 в 09:43 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: