Блоги

ШҚО-да Республикалық теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды

ШҚО-да Республикалық теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды

     0

ШҚО-да теннис ойындары бойынша ІІ категориялы Республикалық турнир аяқталып, жеңімпаздар қатары белгілі болды. 5-9 маусым аралығында өткізілетін турнирге жастар шамасы 9-14 жасты құрайтын балалар қатысты.
Астана, Алматы, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай, Тараз, Қызылорда, Екібастұз және Өскемен қалаларынан қатысқан спортшылардың жалпы саны 51 адамды құрады.
Сайыс қорытындысы бойынша қыздар арасынан А.Советқанқызы – І орын, Т. Нұрғалиева – ІІ орын, А. Рахматуллина ІІІ орынға ие болып жеңімпаз атанды.
Ұлдар арасынан сайыста өз шеберліктерін жоғарғы деңгейде көрсете білген жүлдегерлер қатары мынадай: Ж. Козбак – І орын, И. Кизинов – ІІ орын, В. Борутто – ІІІ орын.
Ойын соңында сайысқа қатысушылар медальдар мен кубоктормен, мақтау қағаздарымен және 1-ші орынға 10000 тенге, 2-ші орынға 7000 тенге, 3-ші орынға 5000 тенге көлемінде тігілген сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, сайыскерлерге теннис ракеткаларын салатын сөмке сынды спортқа қажетті бағалы сыйлықтар табысталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
09 июня 2017 в 20:00 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги

1 комментариев
0
0 комментариев
0