Блоги

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР қысқы чемпионаты өтуде

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР қысқы чемпионаты өтуде

     0

Өскеменде жасөспірімдер, ерлер және әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтуде.
Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов қатысты.
– Сіздерді аймақ басшылығы атынан сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Бұл спорт түрі адам бойындағы рухты көтеріп, төзімділікті арттырады. Соңғы уақыттарда өңірімізде осы спорт түріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, тартысты сайыс куәсі боламыз деген ойдамын,– деді Серік Ақтанов.
Сондай-ақ, сайыстың ашылуында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов барлық қатысушыларға тек жоғары көрсеткіштерге ие болып, үздік нәтиже тіркеулеріне тілеулестігін білдірді.
Аталмыш сайыста еліміздің әр өңірінен келген 17 ерлер, 14 жасөспірімдер және 8 әйелдер командасы бақ сынасуда. Жарыстың алғашқы күні спортшылар өрт сөндіру мұнарасына шабуылдады. Ең жас өрт сөндірушілер екінші қабаттың терезесіне шықса, ерлер төртінші қабатқа жылдамдыққа шығып жарысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өрт сөндіру-құтқару спортының деңгейі өткен жылға қарағанда біршама өскен. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде алғашқы күннің қорытындысы белгілі болды.

Кіші топ арасындағы шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысы
1 орын Д. Әбілбаев (ШҚО)
2 орын Д. Красовский (ШҚО)
3 орын І. Қызаев (ШҚО)
Орта топ қорытындысы
1 орын Р. Андрющенко (БҚО)
2 орын А. Волынский (Ақтөбе облысы)
3 орын Д.Құсманов (Маңғыстау облысы)
Ересектер тобы арасындағы шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысы
1 орын М.Асылов (ШҚО)
2 орын Б.Халмаханов (ОҚО)
3 орын С.Тілеужнов (ШҚО)
Әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысы
1 орын А.Астафьева (Ақмола облысы)
2 орын Н.Дегерт (Алматы)
3 орын А.Шемпель (Павлодар облысы)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
14 февраля 2018 в 20:35 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги