Блоги

ШҚО-да семсерлесуден облыс чемпионаты өтті

ШҚО-да семсерлесуден облыс чемпионаты өтті

     0

Өскеменде семсерлесуден әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер, сондай-ақ, кадеттер мен жастар арасында облыс чемпионаты өтті.
Облыс орталығындағы сайыста Өскемен және Семей қалаларының спортшылары бақ сынасты. Мұндағы жарыста «семсершілер» өз мүмкіндіктерін байқады. Аталмыш сайыс спортшылардың тәжірибе жинақтап, семсерлесу спортын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілді. Сонымен қатар, чемпионат барысында облыс құрамына спортшылар іріктелді.
Қатысушылар жекелей сында және командалық есеп бойынша өзара үздікті анықтады. Ақтық сайыстардың қорытындысына қарай, республикалық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болады. Облыс чемпионатының нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

Ерлер арасындағы жекелей сындағы біріншілік қорытындысы
1 орын – Дархан Едилканулы (Өскемен)
2 орын – Амир Нигматуллин (Семей)
3орын – Данил Сохин (Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты)
Әйелдер арасындағы жекелей біріншілік қорытындысы
1 орын – Ксения Вендерских (Өскемен)
2 орын – Инабат Валиханова (Өскемен)
3 орын – Алина Панасюк (Өскемен)
Ерлер арасындағы командалық біріншілік қорытындысы
1 орын – ШҚО (Дархан Едилканулы, Алибек Сулейменов, Алексей Пеньков)
2 орын – Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты (Данил Сохин, Александр Цишевский, Михаил Кузьмин, Артем Митрофанов)
3 орын – Семей (Амир Нигматуллин, Тимур Асылгазин, Иван Веременко)
3 орын – Өскемен 1 (Даниил Федотов, Иван Рыков, Марат Каиргусов, Филипп Хижняк)
Әйелдер арасындағы командалық біріншілік қорытындысы
1 орын – ШҚО (Ксения Вендерских, Алина Поносюк, Александра Хохлова, Ляззат Каримова)
2 орын – Өскемен 2 (Полина Шпилевая, Вероника Бастунева, Алина Смагулова)
3 орын –Өскемен 1 (Анна Шнайдер, Инабат Валиханова, Анастасия Паринова, Анастасия Захарова)
3 орын – Семей (Александра Жубрицкая, Анелия Сайфуллина, Камилла Ктанова)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
11 марта 2018 в 18:19 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: