Блоги

ШҚО-да скейтбордингтен ІІ республикалық турнир басталды

ШҚО-да скейтбордингтен ІІ республикалық турнир басталды

     0

Өскеменде скейтбордингтен және ВМХ велоспорты бойынша ІІ республикалық турнир басталды. Аталмыш турнирге қатысуға елдің әр аймағынан 50-ге жуық спортшы келген.
Айта кетсек, бірінші турнир дәл бір жыл бұрын өтіп, скейтпарктың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келген. Ал биылғы қатысушылардың саны артып, ұйымдастырушылар сайыс тізіміне спорттық самокат тәртібін де қосып отыр.
– Сіздерді облыс басшылығы атынан бүгінгі ІІ республикалық турнирмен құттықтай отырып, жеңіс тілеймін. Олимпиадалық спорт түріне кірген скейтбординг қала жастары арасында қызығушылыққа ие болады деген сенімдемін, – деді спортшыларды құттықтаған ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.
Спорттық сайыста бақ сынасуға Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының және Астана, Алматы қалаларының спортшылары келген.
Естеріңізге сала кетсек, Өскеменде орналасқан скейтпаркті Бекшентаевтар әулеті сыйға тартқан. АҚШ-та білім алған Тим Бекшентаев жол апатынан қаза тапқаннан кейін, ата-анасы оның арманын іске асырып, қалаға жаңа кәсіби скейтпарк сыйға тартуды ұйғарған.

ШҚО дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
23 июня 2017 в 13:19 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги