Блоги

ШҚО-да спорт ардагерін құттықтады

ШҚО-да спорт ардагерін құттықтады

     0

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қысқы спорт түрлерінің дамуына үлес қосқан ҚазКСР енбек сіңірген жаттықтырушысы, әрі спорт ардагері Владимир Соколовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Басқарма басшысы өңірлік қысқы спорттың дамуына ат салысқаны үшін спорт ардагеріне өз алғысын білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.
– Құрметті Владимир Борисович, сізді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ұжымы атынан 70 жылдық мерейтойыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.Сіз облысымыздағы қысқы спорт түрлерінің дамуына елеулі үлес қостыңыз. Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл могулден Юлия Галышеваның қола жүлдесі осы сөзімнің айқын дәлелі. Алдағы уақытта сізге зор денсаулық, табыс тілеймін, – деді Асқар Можанов.
Владмимир Соколов қысқы спорт түрлерінің ішінде, фристайл могул және тау шаңғы спортының жоғары қарқын алуына зор үлес қосқан жандардың бірі. Ол фристайл могулден Азия ойындарының жеңімпазы, Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Бармашов, 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен Бүкіләлемдік студенттік ойындарының чемпионы Дарья Рыбалова сынды тәжірибелі спортшылардың томағасын сыпырған.
Айта кету керек, Владимир Соколов фристайл және тау шаңғы спортынан жоғары ұлттық дәрежелі төреші болып табылады. Кездесу соңына қарай, спорт ардагері басқарма басшысына Шығыс Қазақстан облысы спортының дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
– Осындай жылы лебіз білдіргеніңізге алғысым шексіз. Барығымыз байқағанымыздай, қазір аймағымызда спорттың бірқалыпты даму үрдісі жүріп жатыр. Алдағы уақытта, бізді жарқын жеңістерімен қуантатын спортшылардың шығатынына кәміл сенімдімін. Аймақ басшылығына облысымыздағы спортқа қолдау білдіргені үшін алғысымды білдіремін, – деді Владимир Соколов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
21 марта 2018 в 10:33 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: