Блоги

ШҚО-да спорт күні атап өтілуде

ШҚО-да спорт күні атап өтілуде

     0

ШҚО-спортшылары спорт күні мерекесін атап өтуде. 19 тамызға жоспарланған бірқатар спорттық шаралардың мерзімі ауа-райының қолайсыздығына байланысты шегерілгенімен, О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежында спорт саласына үлесін қосқан спортшылар марапатталды.
Кәсіби мерекеге орай Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар спорттық мектеп директорлары, жаттықтырушылар ШҚО әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды.
Шара барысында Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» төсбелгісі Аягөз ауданының балалар- жасөспірімдер мектебінің директоры Юсупов Еркін Рахметоллаұлына және бокс спорт түрінен ардагер Төлендиев Нұрқасым Биқасымұлына табысталды.
Сондай-ақ, спортшыларға ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың алғыс хаты табысталды. Соның ішінде биыл өткен Сурдлимпиялық ойындардың күміс жүлдегері Шаяхмет Канапиянов та марапатталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
19 августа 2017 в 16:07 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги