Блоги

ШҚО-да үстел теннисінен облыс чемпионаты өтті

ШҚО-да үстел теннисінен облыс чемпионаты өтті

     0

Өскеменде 2007 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер және қыздар арасында жекелей сындағы облыс чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарыс барысында аймақтың үздік теннисшілері белгілі болды.
Мұнда сайыс қожайындарынан бөлек, Семей қаласынан, Тарбағатай, Көкпекті және Ұлан аудандарынан келген жас теннисшілер өз мүмкіндіктерін байқады.
Үстел теннисінен облыстың аға жаттықтырушысы Ольга Архипова айтқандай, бұл сайыс осы жас ерекшелігіндегі жоғары деңгейлі ойыншыларды анықтап, ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу мақсатымен өтті.
Үздік теннисшілер мамыр айының соңы және маусым айының басында Алматыда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында өнер көрсетпек. Сайыс қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

Қыздар арасындағы қорытынды
1 орын – Әсет Айша (Тарбағатай ауданы)
2 орын – Камила Төлегенова (Семей)
3 орын – Сәния Сыздықова (Семей)
Жасөспірімдер арасындағы қорытынды
1 орын – Дінасыл Сайлауханов (Тарбағатай ауданы)
2 орын – Арнұр Оралханов (Өскемен)
3 орын – Бекжан Назарбеков (Семей)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
13 апреля 2018 в 15:48 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги