Блоги

ШҚО-да үстел теннисінен республикалық турнир өтті

ШҚО-да үстел теннисінен республикалық турнир өтті

     0

Өскеменде үстел теннисінен ардагерлер арасында «ШҚО үстел теннисі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін ашық республикалық турнир өтті.
Бұл жарыс облыс орталығында осымен екінші мәрте өткізілді. Мұнда сайыс қожайындарынан бөлек, Астана қаласынан және Маңғыстау, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ, Ресей Федерациясынынан 80-нен астам спортшы өзара үздікті анықтады. Ардегерлер бес жас ерекшелігі бойынша сынға түсті.
– Сайыста қатысушылар жекелей сында және абсолюттік біріншілік бойынша үздікті анықтады. Жарыс ережесіне сай, төмен нәтиже көрсеткен спортшылар сайыстың екінші түрінен шеберлік деңгейі жоғары теннисшілермен ойнауға мүмкіндік алды, – деді жоғары ұлттық дәрежелі төреші Ольга Архипова.
Айта кетейік, ең егде тартқан спортшының жасы 82-ні құрады. Жарыстан павлодарлық Алексей Мищук, өскемендік Қанат Мұхамедиев, Әлібек Нарубаев сынды спорт шеберлері де шет қалмады. Тартысты өткен сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

40-49 жас аралығындағы ерлер арасындағы қорытынды
1 орын – Мищук Алексей (Павлодар)
2 орын – Мухамедиев Канат (Өскемен)
3 орын – Нарубаев Алибек (Өскемен)
50-59 жас аралығындағы ерлер арасындағы қорытынды
1 орын – Валентин Сербаев (Барнаул, Ресей Федерациясы)
2 орын – Сергей Литвинов (Өскемен)
3 орын – Нуржан Капышев (Астана)
60-64 жас аралығындағы ардагерлер арасындағы қорытынды
1 орын – Илсур Ахметов Екібасұз (Павлодар облысы)
2 орын – Сергей Курносов (Барнаул, Ресей Федерациясы)
3 орын – Николай Курицын (Өскемен)
65-69 жас аралығындағы ардагерлер арасындағы қорытынды
1 орын – Николай Вольский (Барнаул, Ресей Федерациясы)
2 орын – Владимир Пешков Зырян ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)
3 орын – Владимир Паньков Глубокое ауданы (ШҚО)
70 жастан жоғары ардагерлер арасындағы қорытынды
1 орын – Анатолий Жаров (Өскемен)
2 орын – Василий Раченков (Өскемен)
3 орын – Борис Федоров (Кемерово облысы, Ресей Федерациясы)
Абсолютті біріншілік қорытындысы
1 орын – Алексей Мищук (Павлодар)
2 орын – Алибек Нарубаев (Өскемен)
3 орын – Валентин Сербаев (Барнаул, Ресей Федерациясы)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
11 марта 2018 в 19:49 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги