Блоги

ШҚО-да су добынан ҚР чемпионаты аяқталды

ШҚО-да су добынан ҚР чемпионаты аяқталды

     0

Өскеменде су добынан 2006 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 кезеңі өз мәресіне жетті. Облыс орталығында алғаш өткізілген сайысқа барлығы 8 құрамадан 150-ге жуық спортшы қатысты.
Атап айтсақ, жарыс иелерінен бөлек, Астана қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары жарыс жолына шықты. Сайыста өңір намысын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі»-нің екі бірдей құрамасы қорғады.
Жеті күнге жалғасқан жарыс қорытындысында Ақмола облысы 12 ұпай жинап, су добынан ел чемпионатының 2 кезеңінің жеңімпазы атанды. Чемпионат жеңімпазынан екі ұпайға қалып қойған Астана қаласының ұжымы екінші орыннан көрінді. Ал, сайыс қожайындары Өскемен 1 құрамасы сегіз ұпай еншілеп, үздік үштікті қорытындылады.
Спортшылар мұнымен шектеліп қалмайды. Айта кету керек, осыдан кейін су добынан ел чемпионатының 3 кезеңі сәуірдің 11 мен 21 аралығында Көкшетуда өтпек. Бұдан соң су добынан Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы белгілі болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
09 февраля 2018 в 00:01 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги