Блоги

ШҚО-да су добынан ҚР чемпионаты өтуде

ШҚО-да су добынан ҚР чемпионаты өтуде

     0

Өскеменде су добынан 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 кезеңі өтуде.
Облыс орталығында алғаш өткізіліп отырған ел чемпионатына барлығы 8 құрамадан 150-ге жуық спортшы қатысуда. Атап айтсақ, жарыс иелерінен бөлек, Астана қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары жарыс жолына шықты.Сайыста өңір намысын қорғап жатқан ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі»-нің екі бірдей құрамасы алғашқы о йындарын өткізіп те үлгерді. Су добынан ел чемпионатының алғашқы күнінің қорытындысы төмендегідей:
Ақтөбе облысы – Оңтүстік Қазақстан облысы 11 – 12
Атырау облысы – Ақмола облысы 4 – 15
Өскемен 1 – Астана қаласы 11 – 5
Өскемен 2 – Қарағанды облысы 4 – 12
Командалар тоғыз күн бойы айналмалы жүйе бойынша үздік ұжымды анықтайды. Су добынан ҚР чемпионаты ақпанның 8-не дейін жалғаспақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
03 февраля 2018 в 14:23 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: