Блоги

ШҚО-да суға секіруден ашық қала біріншілігі өтті

ШҚО-да суға секіруден ашық қала біріншілігі өтті

     0

Өскеменде суға секіруден 2008-2012 ж.т. қыздар және ұлдар арасында ашық қала біріншілігі өтті. Қатысушылар барлығы бес топта өз қабілеттерін байқады.
Сайыста ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілері өзара бақ сынасты. Біріншіліктің жүлделі орындарын сарапқа салуға 40-қа жуық спортшы жарыс жолына шықты. Олар суға секірудің төрт түрі бойынша сынға түсті. Жас ерекшелігі бойынша ұлдар екі топ, бұрымдылар екі топта және мықтылар санаты өзара бәсекеге түсті. Өз жаттығуын мінсіз орындаған қатысушылар максималды жеті ұпаймен бағаланды. Аталмыш сайыста мықты топ арасында үздік нәтиже көрсеткендері сәуірдің 30-ы мен мамырдың 5-і аралығында Қарағандыда өтетін ел чемпионатында облыс атынан өнер көрсетпек. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

2009-2010 ж.т. ұлдар арасындағы қорытынды
1 орын – Ерсұлтан Тұрсынов
1 орын – Арсений Жуков
2 орын – Мұнар Қайырбаев
3 орын – Дмиртий Быков
3 орын – Айбат Балтабек
2011-2012 ж.т. ұлдар арасындағы қорытынды
1 орын – Әкежан Болатбек
2 орын – Гали Марат
2 орын – Дмиртий Герасимов
3 орын – Артем Худяков
Мықты топ арасындағы қорытынды
1 орын – Сергей Бестужев
2 орын – Сұлтанби Әмірғалиев
3 орын – Әлижан Магадиев
2008-2009 ж.т. қыздар арасындағы қорытынды
1 орын – Наргиз Серік
2 орын – Алиса Козлова
2 орын – Айзере Асқарова
3 орын – Адема Секенова
3 орын – Дария Сейтқазина
2010-2011 ж.т. қыздар арасындағы қорытынды
1 орын – Арина Андреева
2 орын – Алуа Ботабай
3 орын – Айару Шапағат

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
21 апреля 2018 в 18:58 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги