Блоги

ШҚО-да теннистен халықаралық турнир өтуде

ШҚО-да теннистен халықаралық турнир өтуде

     0

Өскеменде теннистен 14 жасқа дейінгі қыздар және ұлдар арасында «KAZZINC - Open Ust-Kamenogorsk 2017» халықаралық турниры басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына Шыңыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

– Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Аймақта бұл спорт түрі қарқынды түрде дамып келеді. Осындай заманауи спорт кешенін түгелдей жабдықтап, жас теннисшілерге қолданысқа беріп, аталымыш спорт түрінің дамуына үлес қосып келе жатқан «Казцинк ЖШС-не» үлкен алғысымды білдіремін, – басқарма басшысы.

Халықаралық турнирге 6 команда 64 спортшы қатысуда. Сайысқа өскемендік жас спортышлардан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Гонконг сынды елдерден жас теннисшіер келді. Кейбір командалар шығыс жеріндегі жарысқа бірнеше рет қатысса, Гонконг құрамасы биыл Өскемендегі халықаралық турнирде тұңғыш рет бақ сынауда.

– Өскемен қаласына осымен 3 рет келіп отырмыз. Халқы өте қонақжай. Бұл жарысқа барлығы 11 спортшы алып келдім. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Шәкірттерімнің барлығы жақсы дайындықпен келді, – деді Тәжікстан құрамасының бас бапкері Абдрасул Мухутдинов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

    
31 октября 2017 в 13:11 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги